ТЖ қызметкерлері мектептегі өрт қауіпсіздігін тексерді

Мектепте  орын  алған оқыс  оқиға  кезінде  жедел  әрекет  ету жүйесі құрылып, оқушылар мен ұстаздар  2 минуттың  ішінде   сыртқа   шығарылуы тиіс. Бұл норманы  тексеру  үшін бүгін нөмір  17 мектеп  ғимаратында   оқу-жаттығу шарасы ұйымдастырылды. 

6 А сыныбындағы сабақты дабыл белгісі тоқтатты. Сценарий бойынша мектептен өрт шығып, барлықтары қауіпсіз жерге далаға шығулары тиіс. Балалар түтіннен қорғану үшін маска киіп, қатарға тұрып есікке бет алды.

Анатолий Левкович –№17 мектеп-лицейдің АӘД пәні мұғалімі

«Мұғалім сыныпта қанша бала болғанын білу керек. Далаға шыққаннан кейін оқушыларды санап, ешкімнің іште қалып қоймағанына көз жеткізуі қажет.

Өрт кезінде мектепте 500 адам болды. Оқушылар, оқытушылар және өзге қызметкерлер ғимараттан  қосымша 3 есік арқылы шығып, спорттық алаңға жиналды.

Өрт қауіпсіздігі ережесі  бойынша №17 мектеп-лицейінің оқушылар мен ұстаздары  2 минут ішінде далаға шықты. Осылайша сынақтан сүрінбей өтті.  Ал уақыт ғимараттың үлкендігі мен онда оқитын балалардың санына байланысты есептеледі. Мұндай оқу-жаттығуды ТЖ қызметкерлерінің қатысуымен 3 айда бір рет өткізіп тұрады.

Олег Грабовский – ТЖБ мемлекеттік өртті қадағалау бөлімінің басшысы

«Осы тоқсанда біз мектептердің 80 пайызын қамтыдық. Кейбір мектептермен әлі де болса жұмыс істеу керек. Көп кездесетін қателіктердің бірі педагогтардардың оқушыларды назардан тыс қалдыруы, кейде қосымша есіктер жабық тұрады.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать