Мәжіліс депутаты «Қоңырат» зауытының жұмысымен танысты

Балқаш  халқының  90 пайызы  өндіріс ошақтарында жұмыс істейді. Сондықтан  шаһарға  жұмыс  сапарымен келген  депутат  Повел Казанцев  Сары Қазына  ЖШС барды. Кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. Гидрометаллургия әдісі бойынша кен қалдығын қайта өңдеу арқылы катодтық мыс өндіретін өндіріс ошағы 2007 құрылған болатын. Алғашқы жылдары жылына 20 тонна мыс шығарылған. Ал қазір 12 айда 14 000  мыс өндіреді. Шағын зауыт 11 жыл ішінде 80 мың тонна таза мыс шығарған.  Қазіргі таңда өндіріс орнында 300 ден астам адам еңбек етеді.

Өндіріс ошағы экологиялық жағдайды  назардан тыс қалдырмаған. Экологтар ауаның, топырақтың және  судың құрамын зерттеп, ластанбауын өз бақылауларына алған. Кәсіпорын қайырымдылық жасаудан да құр қол емес. Былтыр балқаштықтарға арнап мәдениет сарайының маңына спорттық алаң салды. Ал биыл қоңыраттықтарға әмбебап жасыл корт, балалар алаңын және спорттық алаңқай сыйлады. Жалпы әлеуметтік жобаларға 60 млн теңге жұмсалған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать