Қаламызда автокөлік жүріп келе жатып, өртке оранды

Қаламызда автокөлік жүріп келе жатып, өртке оранды. Төтенше жағдай бүгін таңертең 8-дер шамасында Амангелді мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында болды. Шашубай кенті жақтан қалаға қарай беттеген Фольсфаген Пассат жүргізушісі копоттан өрттің шыққанын байқап, көлікті бірден тоқтады. Автомобиль иесі лапылдаған жалынды өрт сөндіргіш құрал арқылы өзі сөндірмек болған. Алайда, қатты тұтанған тілсіз жауды ауыздықтау мүмкін болмаған соң, құтқарушылар шақырған. Алайда көмек келгенше  көліктің алдыңғы жағы толықтай жанып кетті.  Абырой болғанда жүргізуші дін аман. Болжам бойынша Фолсфагеннің өртенуіне жанармай құятын жүйенің істен шығуы себеп болған.

 Олег Грабовский – ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы: «Біз өрт болған жерге келгенде көліктің моторлы бөлігі мен алдыңғы салон отқа оранған болды. Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 10 адам және екі техника жұмылдырылып, 10 минуттың ішінде жалынды толықтай сөндірдік».

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login