Өрт кезінде күйіп қалған балқаш тұрғыны тікұшақпен Қарағандыға жеткізіледі

Өрт кезінде денесінің 40 пайызын күйік шалған балқаштық тұрғын тікұшақпенҚарағандығажеткізіледі. ОблыстағыМақажанов клиникасында ер адамға операция жасалады.  Ал екінші зардап шегушінің жағдайы қазір бірқалыпты. Дәрігерлер әйелдің осы аптаның соңында үйіне жіберілетінін хабарлады. Еске сала кетейік, өткен аптада Уалиханов көшесіндегі 4 үйде 1 бөлмелі пәтер өртеніп,  64 жастағы ер адам мен 53 жастағы әйел адам зардап шекті. Алдын ала болжам бойынша жалын  сөнбей қалған темекі тұқылынан тұтанған. Содан үйдегі киім-кешек пен жиһаз жанып кетті. Пәтерде болған ер мен әйел жан сақтау бөліміне жеткізілді. Екеуінің де денесі күйіп, уланып қалған.  Әйел бір тәуліктен кейін травматология бөліміне ауыстырылды. Ал ер адам бір апта бойы жансақтау бөліміне жатты. Ол емін әрі қарай Қарағандыдағы Мақажанов клиникасында жалғастырады.

Мақсат Нұртазин – травматология бөлімінің меңгерушісі

«Қазір науқас өздігімен тыныс алып жатыр. Есін жинап, өзіне келді. Оның денесінің 40 пайызын күйік шалған. Операция жасау қажет. Сол үшін Қарағандыға жібермекпіз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login