Балқашта вич инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді

Балқашта вич инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелген. Олардың көбісі бір инені қолданған нашақорлар. Осы демалыста барлық әлем СПИД ауруынан көз жұмғандарды еске алу күнін атап өтті. Статитсикаға келетін болсақ, былтыр Қарағанды облысында осы дерттен 1000 ға жуық адам қайтыс болған. Ал, жыл басынан бері 11 облыс тұрғыны көз жұмыпты. Балқашта әзірге мұндай қайғылы жағдай тіркеле қоймаған. Деседе, спид орталығы ашылғалы бері яғни 1998 жылдан бастап қалада 90 адамнан вич инфекциясы анықталған.

Виолетта Аманкулова – эпидемиолог дәрігер
«Вич дертін жұқтырғандар қоғамға қауіпсіз. Қазір Қарағанды облысында бұл індетпен 4 мыңға жуық адам бар. Олардың көбісі 30 мен 39 жас аралығындағы жастар.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture