Балқаш жаңалықтары 21 ақпан 2018

1.Балқашта тағы бір адам вич инфекциясын жұқтырды. 27 жастағы әйел өзінің айықпас дертке шалдыққанын медициналық тексерістен өткенде білген. Анықталғандай инфекция жыныстық қатынас кезінде жұққан екен. Дәрігерлер оның серіктесінен қан алып Қарағандыға жіберді.
2. Биыл Жұмысшы кентіне жарық беріледі. Ондағы 8 көшеге бағаналар тұрғызылып, электр сымдары тартылады. Айтап айтсақ Металлургтер, Әлімжанов, Школьная, Бөкейханов, 8 март, Железнодорожный, Сарсенбаев және Ержанов көшелерінде жарық пайда болады.

3. Ертең Ағыбай көшесі таңнан бастап кешке дейін жабық болады. Күн жылынғанда еріген қар суы құдықтарды толтырмас үшін алдын алу жұмыстары жүргізілмек. Ертең «Балқаш Су» жұмыскерлері Қараменде би мен Ленин көшесінің аралығындағы 20 құдықты тазалауға кіріседі.

4. Биыл қарызы бар 10 жүргізуші қамауға алынды. Тағы екеуі борыштарын уақытылы өтемегендіктен айыппұл төледі. Осындай ұмытшақ жүргізушілерді тексеру үшін бүгін полиция қызметкерлері рейдке шықты. Қара тізімге енген балқаштық жүргізушілерді тексеру орталық көшеден басталды.

5.Балқашта балалар маслихатының хатшысы сайланды. Дауыс беру кәдімгі үлкен саяси сайлаудағыдай барлық талапқа сай өтізілді. Белсенділер жиыны оқушылар сарайында ұйымдастырылды. Маслихат хатшысы болуға ниет білдірген 5 үміткер кезек-кезек сөз алып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

6.Қазақстан қалаларының бірінде ғашық жігіт қыз алып қашамын деп, басы дауға қалды. Енді ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Осындай жағдай былтыр Ақтөбеде де қайталанған еді.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать