Кандидаттардың үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін эфир уақыты жүгіртпе жол, телегазет, күндізгі және кешкі уақыттағы бейнероликтер, сондай-ақ жаңалықтар блогындағы бейнероликтер (жаңалықтар сюжеті) түрінде ұсынылады.
Телевизиялық эфирде материалдарды орналастыру құны:
• Телегазетада жариялау — 1 сөз үшін тәулігіне 200 теңге.
• Жүгіртпе жолда жариялау — 1 сөз үшін тәулігіне 100 теңге.
• Бейнероликті күндізгі уақытта көрсету — 1 сөз үшін тәулігіне 100 теңге.
• Бейнероликті кешкі уақытта көрсету — 1 сөз үшін тәулігіне 120 теңге.
• Жаңалықтар сюжеті — 5 минут үшін 90 000 теңге (1 секунды — 300 теңге).
• Бейнеролик дайындау — 150 000 теңгеден бастап.
• Instagram платформасындағы жарияланым (orkenmedia.ru) — 12 000 теңге.
• Instagram платформасындағы жарияланым (orkenmedia.kz) — 10 000 теңге.
• Instagram Stories жариялау (orkenmedia.ru) — 3 000 теңге.
• Instagram Stories жариялау (orkenmedia.kz) — 2 000 теңге.
• А3 форматындағы үгіт-насихат материалдарын басып шығару — 1 дана үшін 800 теңге.
• Үгіт-насихат постының, плакаттың, парақшаның немесе баннердің дизайнын әзірлеу — 3 000 теңге.
Жеңілдіктер қарастырылмаған. Көрсетілген бағаға қосылған құн салығы (ҚҚС) кірмейді. Материалдарды орналастыру құны телеарнаның хабарларын хабар таратуға қолжетімді барлық орталарда (эфирлік цифрлық, спутниктік, сондай-ақ кабельдік операторлар арқылы) тарату мен қайта таратуды қамтиды.
Жасалған шарт бойынша төлем телеарна иесі ұсынған төлем шотының негізінде, шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде телеарна иесінің банктік деректемелеріне аудару арқылы жүзеге асырылады.
Телеарна иесі үгіт-насихат материалдарында конституциялық құрылысты өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік топтық және рулық араздықты қоздыруға, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдарды құруға шақыратын мазмұн болған жағдайда, оларды эфирге шығарудан бас тартады.
Егер үгіт-насихат материалдарында басқа тіркелген кандидаттардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болса, телеарна иесі материалдарды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы. Осындай сипаттағы ақпарат қамтылған материалды ұсынған кандидат телеарна иесінің талабы бойынша ондағы мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Үгіт-насихат материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Осы хабарландыруда көрсетілген талаптар мен тәртіп, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған жағдайда, үгіт-насихат материалдары эфирге шығарылмайды немесе анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін эфирге шығару тоқтатыла тұрады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login