Балқашта «турецкий хоры» өнер көрсетті

Демалыс күні балқаштықтар ашық аспан астында тағы бір концерт тамашалады. Мысшылар мерекесіне орай «Турецкий хоры»  өнер көрсетті. Ұжым биыл өздерімен бірге әйелдерден құралған «Сапрано турецкий» тобын ала келген. Әртістер жанды дауыста бірнеше тілде ән шырқады.Рок, поп, джаз– бұл ұжым ән талғамайды. Кез келген әншінің репертуарындағы әнді асыра орындамаса кем орындамайды. Топтың 25 жылдық тарихы бар. Олар жылына 200 ге жуық концерт беріп, үнемі стадион толы адам жинайды. Балқашта да бұл топтың шығармашылығын бағалаушылар көп екен. Балқаштықтар кей әндерге қосылып, бірге орындады. Ұжым биыл өздерімен бірге әйелдерден құралған «Сапрано турецкий» тобын ала келген.  Жанды дауыста ән шырқайтын топты  халық жылы қабылдап, қошеметтерін аямады.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать