Балқаштықтар байытушылар күнін атап өтеді

Балқаштықтар сенбі күні байытушылар күнін атап өтеді. Мерекеге орай 29 маусым күні Желтоқсан көшесінде Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт болмақ. Қала тұрғындарына Қуандық Рахым, Айдана Меденова, «Азия&Бақай» топтары, Абдулкарим Каримов мен Q-POP жанрындағы «Mad Men» мен «Juzim» топтары өнер көрсетеді. Басталуы сағат кешкі 19.00-де. Ал жұлдызды кештің тізгіншісі Нұрсұлтан Есжан болмақ. Мерекелік концерт от шашумен аяқталады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login