Балқаштықтар қабір маңайына қоқыс тастауды әдетке айналдырған

Балқаштықтар қабір маңайын шашып кетуді әдетке айналдырған. Тіпті белгісіз біреулер зират басында ескі заттарды өртеп, оны өшірмей кеткен. Біздің редакцияға сондай видеолардың бірі келіп түсті. Кадрда көріп тұрғандарыңыздай  қабірдің жанында қоқыс жанып жатыр.  Автордың айтуынша бықсып жатқан тұрмыстық қалдықтар. Әрі ондай қоқыстар көп жерде шашылып жатыр. Анықталғандай ескі зират деген атауға ие болған бұл жердің тазалығына ешкім жауапты емес. Деседе, қазір ТКШ бөлімі тендр өткізуде. Оның қорытындысы бойынша жеңіп шыққан ұйым марқұмдар жерленген аумақтың тазалығына жауап беретін болады.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать