60 тан аса адамның өмірін жалмаған Ресейдің Кемерово қаласында болған өрт оқиғасынан кейін Қазақстанда барлық сауда орталықтары тексерілетін болды. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жауапты органдарға осындай тапсырма берді. Биыл жоспар бойынша балқаштық құтқарушылар жеке меншік және мемлекеттік 170 мекемені тескермек. Көктемде білім ошақтары басты назарда болады. Наурыз, сәуір, мамыр айында мамандар балалар оқу оқып, білім алатын 40 нысанда өрт қауіпсіздігі қаншалықты сақталғандығын анықтайды. Жалпы қала бойынша мыңнан аса мекеме есепке алынған. Алайда, соның тек 169 ғана тексеріске жатады. Олар, білім ошақтары, денсаулық сақтау орындары және сауда орталықтары. Өткен жылы 169 нысанның 150 нен түрлі ереже бұзушылық анықталыпты. Нәтижесінде берілген уақыт ішінде кеткен кемшілікті түземеген 13 кәсіпкердің үстінен іс қозғалып, сотқа жолданған. Олардың барлығы айыппұлмен жазаланды.
Олег Грабовский – ТЖБ мемелкеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Бүгінгі күні көп бұзылатын ережелер, олар электр сымдарының тозуы, терезеге тор орнатуа ережеге қарсы. Себебі өрт болған жағдайда адамдарды шығарар кезде кедергі болады.
Еске сала кетейік, демалыс күні Кемерово қаласында төрт қабаты сауда орталығында өрт болды. Тілсіз жау бірнеше кинотеатр залы және балалар алаңы орналасқан жоғары қабаттан шыққан. Соңғы ақпарат бойынша 60 тан аса адам қаза тапты. Оның көбісі балалар. Бұл қайғылы оқиғадан кейін Қазақстан Үкіметі елдегі барлық сауда орталықтарын тексеруді тапсырды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login