Қоңырат мөлтек ауданындағы көпқабатты екі үйдің құрылысы жалғасуда

Қоңырат мөлтек ауданында қараусыз қалған екі көпқабатты үйді қалыпқа келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Бүгінгі күні екі үйдің әрқайсысына 8,5 млн. теңге жұмсалып, терезе мен шатырлар орнатылды. Жарық тартылып, едендерге цемент құйылды.

Бүгін көпқабатты үйдің құрылысшылары Зайцев көшесіндегі 18 «А» үйінің едендерін төсеуге кірісті. Ол үшін екі бөлмелі пәтерге 50 келіден 6 қап цемент жұмсалды. Сол арқылы еденнің биіктігі 7 см көтерілді. Және оны толық түзеу үшін үш күннен кейін тағы бір рет толығымен цемент құйылатын болады.

Вадим Клещин- учаске шебері
«Қазір біз бірінші және екінші подъездердің ішкі құрылысына кірістік. Едендерді түзеп, цемент құйып жатырмыз.Оны екі рет жасаған соң линолеум төсеуге дайындаймыз».

Бұдан өзге Зайцев көшесіндегі 18 «А» мен Русаков көшесіндегі 10 үйдің шатырлары орнатылуда. Көпқабатты нысанға терезелер мен сыртқы есіктер толық салынып бітті.Электр сымдары тартылды. Енді балкондарға таяныштар бекітіледі. Содан кейін сырты әкетеліп, құрлысшылар ғимараттың ішкі жұмыстарына толық кірісетін болады.

Саятбек Мусин-қалалық құрылыс бөлімінің басшысы
«Қазіргі күні құрылыс жұмыстары басталып кетті. Былтырғы жылы 8,5 млн. теңгеден екі үйге қаражат бөлінген болатын.Әлі биылғы жылы қаражат төлеген жоқпыз.Жаңа ғана келісім -шарт жасалды.Биылғы жылы қыркүйек айында үйлерді аяқтаймыз ».

100-ге жуық пәтері бар екі үйдің құрылысы өткен жылдың желтоқсан айында басталған болатын.Сол үш айдың ішінде 17 млн. теңге игерілді. Жалпы екі үйге 300 млн. жуық қаржы қарастырылған. Айта кетейік, екі үйдің құрылысы күзде аяқталып, пәтер кілттері табысталады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать