Балқаштық аруларды қала әкімі құттықтады

Арулар асыл жандар, жүрегі жарқын жандар! Биыл 8 наурызды әлем 107 мәрте атап өткелі отыр. Бұл мерекенің бастауы болып саналатын Копенгагендегі жұмысшы әйелдердің конференциясы 1910 жылы өткен болатын.Осынау бір ғасырлық тарихы бар мерекемен қала әкімі балқаштық әйелдерді құттықтады. Мәдениет сарайында өткен жиында аналар күніне арналған ақ тілектер ақтарылды.
СНХ:Александр Аглиулин-Балқаш қаласының әкімі
«00:24 Құметті ханымдар, осы айтуылы күні сіздерге, нұрлы аспан, қажымас қайрат,мықты денсаулық, бақыт және елімізге тыныштық тілеймін.

Салтанатты жиынға қоғамның түрлі саласында еңбегімен еленіп, ерлермен иық тіресе жұмыс істеп жүрген әйелдер қауымы шақырылыпты. Солардың 20-ы қала әкімінің құрмет грамотасымен марапатталса, 10-ы алғыс хатқа ие болды.
Интершум: награждение
Бұл күні қала өнерпаздары нәзік жандарға арнап ерекше концерт дайындапты. Сахна төрінде кішкентай балақайлар барша аналарға ән арнап, көңілді биде билеп берді. Ал, аға-апаларымыз музыкалық аспаптардың сүйемеледеуімен халық әндерін орындап, халықтың көңілін бір сергітіп тастады. Жігіттер жағы болса, ақ көйлек киген аруларды ортаға алып шығып, заманауи әндерді шырқады.
Интершум: песня
Мерекелік жиында қалалық маслихат хатшысы Қадыржан Тейлянов биыл 80 ге толған қаланың құрдастарын сыйлық табыс етті. Ақ жаулықты 3 ана бұл мерекеге арнайы шақырту алған.
СНХ:Таисия Иванова-қала құрдасы
«Осындай үлкен концертке шақырғандарына өте қуаныштымын. Өмір бойы сантехмонтаж кәсіпорнында жұмыс істедім. Зейнетке шыққалы бері ешқандай көңіл бөлінбеп еді. Ал, бүгін мен өте қуанышты күн. Концерт қатты ұнады.Өте жақсы дайындалыпты.
Ал, кеш соңында жиынға келген барша әйел қауымана сый жасалды. Жігіттер қауымы бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен асыл жандарға қызғалдақ гүлін тарту етті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture