Елімізде «Менің Қазақстаным» атты сурет байқауы жарияланды. Сайысты ұйымдастырушылар Қазақстан ұлттық географикалық қоғамы. Конкурсқа қатысу үшін осы қоғамның мүшесі болу қажет. Ал, жұмыстар 3 кезең бойынша 24 қазанға дейін қабылданады. Алғашқы кезеңде еліміздің табиғаты туралы тамаша, қызықты, сюжетке бай фотосуреттер жиналады. Екіншісінде Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі адамдар бейнеленген суреттер қабылданады. Соңғы кезеңде еліміздің қалалары мен мекендерін суретке түсіріп, жіберу қажет. Төрешілер келіп түскен жұмыстардың ішінен үздіктерін таңдап алып, иелерін құнды сыйлықтармен марапаттамақ. Ал суреттер QazaqGeography көрмесіне қойылатын болады. Толық ақпаратты Қазақстан ұлттық географикалық қоғамы http://qazaqgeography.kz. сайтынан біле аласыздар.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login