Балқашта бокстан жасөспірімдер арасында 7-ші халықаралық турнир өтуде. Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде 250-ден аса былғары қолғап шебері бақтарын сынап жатыр. Онда Қазақстаннан бөлек, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстаннан келген спортшылар бар. Бүгін турнир ресми түрде ашылып, алғшқы жарыс басталды. Чемпионат балқаштық боксшыларды еске алуға арналған. Әлемдік деңгейдегі жарысқа қолдау білдіруге жерлесіміз, олимпиада чемпионы Василий Жиров та келді. Боксшылар 5 күн бойы шаршы алаңда күш сынасатын болады.



Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login