Қорытынды жаңалықтар 16 маусым 2017

Боқтап сөйлеген балқаштық әскери 5 тәулікке қамалды. Сарбаз тек аузына келгенді айтып қана қоймай, бұйрыққа да бағынбаған.

Жалған ақпарат таратқандар-жауапқа тартылды. Полицейлерге өтірік мәлімет айтқан 26 жастағы қыздың бас бостандығына 3,5 жылға шектеу қойылды.

Қарағанды тас жолында қараусыз қалған екі бала табылды. Қонақ үйдің маңында жүрген 6 жасар ұл мен 4 жасар қыз полицейлер байқап қалып, қалаға жеткізген.

Балқашта картоп бағасы бірнеше есеге күрт қымбаттап кетті. Қазір қалада бұл өнімнің бір келісі 200 бен 300 теңгенің аралығында сатылуда.

Жұқпалы аурулар бөлімшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін науқастар ондағы дымқылға, сызға, көгерген қабырғаларға үнемі шағымданатын.

Ең үздік аула байқауына өтініштер қабылдау мерзімі 21 маусымға дейін созылды.

Балқашта жаңа оқу жылында эксперимент сыныбы пайда болады. №15 мектеп-лицейінің 10 шы сынып оқушылары қыркүйектен бастап 4 пәнді ағылшын тілінде оқымақ.

Балқашта 56 жұмыссыз жаңа мамандық меңгеруде. Осы аптада қайта даярлау курстары басталды. Онда аспазшы, шаштараз, газбендәнекерлеуші және электрик секілді кәсіп түрлері үйретілуде.

Екі қолға бір күрек іздеушілерге жұмыс бар. Қаладағы жұмыспен қамту орталығы еден жуушыларды, күзетшілерді, пеш жағушыларды және аула сыпырушылар мен қара жұмыскерлерді іздейді.

Осы туристік форумда қаладағы ең үздік мейрамхана мен демалыс орны анықталды. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды жария етіп, арнаған сыйларын табыстады.

Балқаш- туризм қаласы болуы мүмкін бе? Ол үшін бізде қандай мүмкіндіктер қарастырылған. Осы мәселе жөнінде туристік форумда талқыланды.

Балқашқа Қытайдан туристер келді. 20 адамнан құралған делегация автотрейллермен саяхатқа шыққан. Астанаға барып ЭКСПО халықаралық көрмесін тамашаламақ. Ал, біздің журналистер көліктің ішінде орналасқан үйге бас сұғып, оның иелерімен тілдесіп қайтты.

Шыңды бағындырған балқаштықтар. Шаһар әкімі Александр Аглиулин жастармен бірге Бектауатаның ең биік шыңына шықты.

Биыл алғаш рет БектуАта бөктерінде жазғы спорттық лагерь ашылмақ. Оған спортқа жаны жақын 10 жастан асқан балалар шақырылады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture