Балқаш тұрғыны қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша 6 жылға сотталды. 23 жастағы сотталушы есірткі затын сатып, адам тонаған.
Үйіне тұрғындарды жинап, құдайға сыйыну рәсімін жасаған протестант шіркеуінің өкілі заңмен жазаланды. Судья 56 жастағы қала тұрғынына 100 АЕК яғни 226 900 теңге айыппұл салды.
Балқаштық әскери бөлім 20 студенттің арманын орындады. Әскери әуезжай басшылығы бала кездерінде ұшқыш болуды қалаған жастарға арнап экскурсия арнайы ұйымдастырды. Тіпті ұшаққа отыруа рұқсат етіп, оның құрылысымен таныстырды.
Қала жеңіс күнін қарсы алуға дайындалуда. Комуналшылар мен студенттер бірігіп тазалық жұмыстарын қолға алды. Шара аясында Ұлы Отан соғысынан қалған Т-34 танкі жөнге келтірілді.
Мың тағзым! Балқаштық Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне Жеңіс күніне орай 150 мың теңге жәрдемақы берілмек.
Материалдық көмек! Қазақмыс корпорациясы да кезінде өндіріс ошағында жұмыс істеген ҰОС ардагерлеріне 150 мың теңгеден ақша бөлмек.
Биыл Ұлы жеңіске-72 жыл. Сұрапыл соғыс жылдарында Балқаш қалалық қорғаныс бөлімінен 8554 жауынгер қан майданға аттанған. Алайда, солардың 1700 ден астамы қаза тауып, 1800ге жуығы хабарсыз кетті.
Гүлдене бер, Балқаш. Бүгін шаһарда гүл егу науқаны басталды. Биыл «Зелестрой» ЖШС-нің қызметкерлері қала көшелері мен алаңдардағы 5 мыңнан астам шаршы метр жерді көгалдандырмақшы.
Санаулы күндерден кейін «Жасыл елдің» жаңа маусымы басталмақ. Оған жазғы демалысын тиімді әрі пайдалы өткіземін деген 16 мен 29 жас аралығындағы балқаштықтар шақырылады.
3 б автобусының жүру кестесі ұзарды. Енді алғашқы қоғамдық көлік темір жол вокзалынан таңғы 7:50 де қоғалса, соңғысы 19:30 да жүреді.
Балқаштық оқушылар республикалық инженерлер сайысында, жүлделі орынға ілікті. Қалалық №15- мектеп-лицейінен барған Амантай Нұрасыл мен Уалихан Аманжолов күміс жүлдені олжалап қайтты.
Зілтеміршілердің жетістігі. Балқаштық пауэрлифтершілер Азия чемпионатында жеңіс төрінен көрінді. Жерлестеріміздің қоржынына 5 алтын,2 күміс, 3 қола медаль түсті. Оған қоса, 7 жерлесіміз спорт шебері атағын иеленді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login