Балқаш тұрғыны жасаған қылмысы үшін 6 жылға сотталды

Балқаш тұрғыны қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша 6 жылға сотталды. 23 жастағы сотталушы бір айдың ішінде есірткі затын сатып, адам тонаған. Ал есірткімен болған жағдай өткен жылдың желтоқсан айында орын алды. Диллер — жасанды тұтынушының рөлін ойнаған полицейге 40 грамм марихуананы сатып жіберген. Және ол кезде иісті шөпке тиісті сараптама жүргізілгендіктен саудагер құрықталмады. Алайда, қалада сайран салып жүрген күдікті қаңтар айында тағыда қылмыс жасады. Ол түн ортасында досымен бірге көлікпен келе жатып, орталық алаңда ішімдік ішіп алған 36 жастағы әйелге тиіскен. Оның қолындағы сөмкесін алып қашып, ішіндегі 10 мың теңгені қалтасына басқан.Тіпті сол бір ақша үшін сотталушы саусағын сындырып алыпты. Бірақ әйел бірден арыз жазып, қылмыскерлер құрықталды. Соттың шешімімен рөлде отырған жігіт материалдық шығынды өтегендіктен ,оның жүріп-тұруына 5 жылға дейін шектеу қойылды. Ал негізгі қылмыскер есірткі және тонау дерегімен 6 жылға темір торға қамалды.

 Аян Абдуллин- қалалық прокуратураның аға прокуроры
«Балқаш қаласының тұрғыны тонау дерегі бойынша, яғни алдын-ала сөз байласу арқылы және күш қолдану дерегі бойынша , сонымен қатар есірткі затын сатқандығы үшін кінәлі деп танылды. Яғни аталған тұоға екі қылмыс жасаған. Кінәлі деп танылып оған жалпы 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture