Отбасы -адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы — ата-ана. Қаламызда үлгілі отбасы атағына келесі кезекте Лебедко жанұясы үміткер. Теміржолшылар мен дәрігерлер, есепшілердің басын қосқан көпұлтты шаңырақ иелері бірлік пен татулық біздей болсын дейді. Оны кейіпкерлер «Мерейлі отбасы» байқауында нық сеніммен дәлелдейміз деп отыр.
Лебедко жанұясының барлық мүшелері бас қосқанда қарапайым күн мерекеге айналғандай болады. Өйткені, шаңырақ иелерінің жұмыстан бос уақыттары көп бола бермейді.Отағасы «Сары Қазына» зауытында IT-менеджер болса, отанасы сол мекемеде есепші.
Қызмет демекші, Лебедко жанұясы 10 жылдан бері қызмет баспалдағымен бірге келе жатса, 17 жылдан бері қол ұстасып өмір сүруде. Тату-тәтті отбасының бүгінде екі тұяғы Никита мен Марк есімді ұлдары бар.
Марина Лебедко – «Мерейлі отбасы» байқауына қатысушы
«Біздің отбасымызға биыл 17жыл . Бұл біреулер үшін аз болғанымен, біз үшін кішігірім тарих. Өйткені, біз бірлікпен өмір сүріп келеміз. Өзіміздің дәстүріміз қалыптасты. Оны осы байқауда көрсетпекшіміз».
Шаттығы тасыған шаңырақтың иелері ең бірінші үлгіні үйдің үлкенінен алады. Әжей Валентина Алексеевна өмір бойы темір жолда жұмыс істеді. Бүгінде ардагерлер кеңесінің мүшесі. Ал жанұяның ақсақалы көзі тірісінде тепловозда қызмет атқарыпты.
Адамға нағыз бақытты ұрпағы ғана сыйлай алатынын жанұяның екінші апасы Раиса Каировна жақсы түсенді. 43 жылдан бері денсаулық сақтау саласында , оның ішінде қазір дәріханада қызмет атқарып келеді.Онымен бірге немерелерінің тәрбиесіне белсенді ат салысуда.
Алексей Лебедко — «Мерейлі отбасы» байқауына қатысушы
«Біздің отбасымызда бірлік бірінші орында тұрады. Ата-анамыз біздің жетіліп, жоғарлауымызға көп көмектерін беруде. Балалардың тәрбиесіне де ат салысады. Кеңестерін айтып, тәжірибелерімен бөліседі».
Балаларының бойына жақсы қасиетті дарыта білген Лебедко отбасының мүшесі, 13 жастағы Никита ата-ана жолын таңдамақшы. 7 сынып оқушысы болашақта апасы секілді дәрігер боламын дейді. Бірақ, үйдің кенжесі Марк әншілікке бет бұрмақ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login