Балқашта үйден шыққан күл-қоқыстар сұрыпталатын болады. Видео

Енді Балқашта үйден шыққан күл-қоқыстар сұрыпталатын болады. Содан кейін жиналған заттарды Балқаш Универсал мекемесі елімізде қайта өңделетін зауыттарға жібереді.

Сұрыптауға арналған жәшіктердің бірі Русаков мөлтек ауданына қойылды. Енді ондағы тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды жеке-жеке жинайтын болады. Яғни, стандарттарға сәйкес көк түсті контейнер шыныға, тор көздісі қағаздарға арналса, қалғаны өзге де қоқыстарға қолданылмақ.

Ал қала бойынша сұрыпталған қоқыстардың барлығы мына цехте жиналады. Онда 6 маман арнайы аппараттың көмегімен қатырма қағаз, полиэтилен, пластиклық заттарды бөлек-бөлек бір бумаға сығымдайды. Және күн сайын олардың 5-6 түбін дайындайды.

Думан Битанов — «Балқаш Универсал» ЖШС өндіріс бөлімінің басшысы
«Қазір қаладан шығатын қоқыстын көлемі көп. Оның ішінде пластикалық бөтелке мен картон қағаз өте көп орын алады. Салмағы аз болса да.Сондықтан контейнерлерді толтырып тастайды.Сондықтан оны бөлек жинап, әрі қарай өңдеуге жіберіледі».

Қазіргі күні сұрыптауға арналған арнайы қоқыс жәшіктері 3 аулаға қойылды. Жылдың аяғына дейін тағы 20 алаңда пайда болмақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать