Балқаштағы коммуналдық мекемелердің біріне 800 мың теңге айыппұл салынды.Және жұмыстан заңсыз шығарып жіберген маманды қайтып қызметке қабылдасын деген бұйрық шықты. Мұндай шешімді жергілікті судья жария етті. Ал бұл іс былай басталды. Қалалық сотқа заңсыз жұмыстан шығып қалған әйел арыз жазады. Кейін сот кәсіпорын басшысы бұрынғы қызметкерін қайтып жұмысқа қабылдасын деген үкім шығарады. Алайда, аяқ-асты тексеріс кезінде аталмыш мекеме сот бұйрығын орындамағаны анықталды. Және сол үшін 800мың теңге айыппұл салынды. Онымен қоса, бұрынғы маманды қызметке қабылдап, 650 мыңнан астам еңбекақысын өтеуге,20 мың теңге моральді шығынды төлеуге міндеттелді. Бірақ, сот үкімі әлі өз күшіне енген жоқ.
Ләззат Сағымбекова- қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрайымы
«Шығарылған заң күшіне енгеннен кейін кәсіпорын салынған айыппұлды 30 күннің ішінде төлеуі тиіс.Қазіргі күні заң күшіне енген жоқ.Сондықтан шағым түсіре алады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login