Қаламызда «Борышкер» акциясы өтуде

Жыл басынан бері екі мыңнан астам балқаштыққа 9 млн аса айыппұл салынды. Қазіргі таңда заң бұзушылар бұл соманың тек жартысын ғана төлеген. Полицейлер балқаштықтарға ескерту жасау үшін рейдке шықты. Қаламызда ақпанның  8-і мен 16-сы аралығында «Борышкер» акциясы жүргізілуде. Былтыр үш айдың ішінде Балқашта 3008 адамға айыппұл салынған. Биыл олардың саны 2147. Бүгінге дейін  тек 415 заң бұзушы ғана 4 млн тг-ге жуық  айыппұл төлеп, қарыздарынан құтылған. Учаскелік полицейлер мен жол инспекторлары қала тұрғындарына айыппұлды төлеу керектігін ескертіп үй-үйлерді аралауда. Егер борышкер 40 күннің ішінде салынған айыппұлды төлемесе, еңбекақысынан  ұсталынады, немесе іс сотқа жөнелтіледі.

Ербол Саматов – Балқаш қаласы ІІБ әкімшілік тәжірибе инспекторы: «Заңбұзушыға төлем жасауға 7 күн уақыт беріледі. Одан кейін 40 күн өз еркімен төлегенше күтеміз. 40 күн өткеннен кейін материал жұмыс орнына немесе сот орындаушыларына жіберіледі. Сотқа баратын болса, көрсетілген сомадан 25 пайыз ақша өндіріліп алынады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login