Қазақстанда жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері қымбаттады

Қазақстанда жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері қымбаттады. Оған себеп, 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің 5 пайызға өсуі. Енді көлік жылдамдығын 10-20 шақырымға асырғандар 12 625 теңге төлейді. Бұл былтырғыға қарағанда 600 теңгеге қымбат. Ал егер жүргізуші автокөлігін тротуарға қойса немесе сол жерге тоқтаса 24 мың емес, 25250 теңге төлеуге тура келеді. Жаңа жылдан бастап автотранспорттарға салынатын салықта біршама өскен. Мысалға, былтыр көлік үшін салық 2 АЕК, яғни 4810 теңге болса, енді 5050 теңге. 3 АЕК 7215 теңгенің орнына 7575 теңге болды. Ал қозғалтқышының ауқымы үлкен көлік иелері үшін салық мөлшері 15 мыңға дейін қымбаттаған. Құжат рәсімдеу бағасы да өзгерді. Енді жеке куәлік жасату 505 теңге болса,шетелге шығу төлқұжаттының құны – 20 200 теңге.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login