Балқашта төтенше жағдайлар қызметі оқу-жаттығу шарасын өткізді

Алматы облысында жер сілкінісі болды. Ондағы 3 мыңнан астам Балқаш қаласына эвакуацияланды. Қоныс аударғандар қаладағы 10 арнайы орталыққа жатқызылды. Осындай сценарий бойынша бүгін оқу-жаттығу шарасы өтті. Төтенше жағдай қызметінің мамандары балқаштықтардың шапшаңдықтарын сынады. Комиссия  тобы  бірінші медициналық колледжге бас сұқты. Ал ондағы қызметкерлер зілзаладан құтқарылған адамдарды тіркеп, денсаулықтарын тексеру  жолдарын  айтты.Зардап  шеккендерді  жатқызатын  бөлмелерін  көрсетті. Және жағдайы жақсы дегендерді Қоңырат,Саяқ,Гүлшат,Шет және Ақтоғай аудандарында орналасқан қабылдау пункттеріне қалай  апаратындықтарын  сөзбен  жеткізді. Жалпы , қалада эвакуация үшін 11 пункт бар. Ол жерге кез-келген уақытта халықты көшіріп, апатты жағдайдан құтқаруға болады. Сол себептен осындай орталықтың жағдайын арнайы комиссия тексеріп, оң бағасын берді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture