Зағип жандар кедергісіз қызмет ала алады. Көз жанарынан айырылған жандар үшін халыққа қызмет көрсету орталығына арнайы жолақ орнатылды. Енді нашар көретіндер ол арқылы маманға кедергісіз барып, қажетті сауалдарына жауап алады. Сары жолақтың ұзындығы 25 метр. Кіре берістен операторға дейін созылады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар және 70 жастан асқан тұрғындар мемлекеттік қызметті тегін пайдалануға мүмкіндіктері бар. Ол үшін 1414 нөмірі арқылы мобильді топқа қоңырау шалу керек. Кейін 74 сағаттың ішінде мамандар үйге келіп, керекті қызмет түрін көрсетеді.
Бағдат Жакупбекова- Балқаш қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының жетекшісі:«Бұл зағип жандар үшін арналған. Уақыттарын жоғалтпай, маманға тез бару үшін жасалып отыр. Ол кісілер таяқтың көмегімен операторларды тез табады. Және адасып кетпейді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login