Дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне 3 жыл

Бүгін дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің ашылғанына 3 жыл толды. Қараменде би көшесінде орналасқан спорт кешені 2014 жылы ашылды. 8 айдың ішінде тұрғызылды. Екі қабатты нысан 2 мың шаршы метрді құрайды. Спорттық жаттығу құрылғыларымен толық жабдықталған. 320 орынды трибуна бар. Мұның барлығына 350 млн. теңге қаржы жұмсалды.

Қаламызда барлық талаптарға сай тұрғызылған спорт кешеннің арқасында түрлі жарыстар ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын біздің аренада бокстан халықаралық, республикалық дәстүрлі сайыстар өтеді. Оған Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан секілді елдер тұрақты қатысады.Және жас спортшыларға Василий Жиров, Серік Сәпиев, Ермахан Ибрагимов, Аркадий Тапаев есімді чемпиондар бағаларын беріп, шеберлік сағаттарын өткізіп тұрады.

Қазіргі күні үш жылдық тарихы бар кешенде 11 үйірме жұмыс істейді. Оның 7-уі бокс, күрес, дзюдо, футбол, сияқты олимпиада ойындары. Қалғаны қазақша күрес, кикбоксинг, пауэрлифтинг, дойбы. 8 бен 16 жас аралығындағы балаларға барлығы тегін.

Тлеугерей Маканалин-Қалалық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің басшысы :«Осы үш жылда біз 300 – жарысқа бардық.Соның ішінде бірінші, екінші, үшінші орынды жүлдегерлер болды.Біз қазір спорт шеберіне үміткер 10 шақты бала бар. Екінші, үшінші санатты орындаған 50 шақты бала тәрбиеленуде «.

Бүгінде 22 бапкер 800 баланы тәрбиелеп келеді. Оның ішінде 9 спортшы дойбы, еркін күрес, бокс және кикбокстан спорт шеберіне үміткер атағын иеленді.Және өзге екі ұл мен екі қыз бала бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі атанса, Елдос Құрметжанов еркін күрестен ұлттық құрама қатарына енді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture