Балқаш тұрғындары түтін исіне уланып қала жаздады

Сәтбаев  мөлтек ауданының тұрғындары  уланып  қала  жаздады.Өйткені, жертөледен шыққан көк  түтін  күллі  подъездге жайылған. Абырой  болғанда  тұрғындардың барлығы  дер  кезінде далаға  шығарылды. Оқиға  Сәтбаев  мөлтек ауданындағы  15 үйде болды.Кешкі сағат 5-те бірінші  подъездегі жертөледен өрт шығып, көк түтін күллі подъезге жайылған. Ал иісті   сезген тұрғандар  бірден төтенше  жағдай  қызметіне  хабарласыпты. Мамандар келген бетте   пәтерлердегі  17 адамды  далаға  шығарды.  Содан   кейін  30 минуттың  ішінде  жертөледегі өртті ауыздықтады.

Исламбек Кәрібеков – ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің аға инженері

Жертөледе  ескі киімдер және  ескі жиһаздар , ағаш бұйымдар жанған.17  адам  далаға шығарылды. Оның ішінде  үшеуі бала.Өрттің  себебін  анықтау  үшін    құжаттар ІІБ  жіберілді.  Зардап  шеккендер  жоқ».

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture