Балқаш жаңалықтары 30 қазан 2017

1. Демалыс күні Ауди маркалы көлік өртке оранды. Оқиға Қараменде би көшесінде кешкі сағат 8-де болған. Сол уақытта жол бойында тұрған көлікті жүргізуші қыздырмақ болады. Алайда, жүре бергенде капоттан қара түтін шығып, алдыңғы жағы жана бастаған.

2.Балқашта бензин бағасы күрт қымбаттап кетті. Қазіргі күні өңірде жоғарғы сұранысқа ие АИ -92 маркалы сұйық отынның литрі 160-161 теңге.Алайда, бұл бензиннің шарықтау шегі емес. Энергетика министрлігі жақын күндері жанармай құны 165 теңгеге дейін жетеді деп болжап отыр.

3. Келесі жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы өседі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, ынтымақты зейнетақы 8 пайызға өседі. Базалықта басқа да жәрдемақы түрлері сияқты, 6 пайызға көбейеді.

4. Биыл Балқашта көктемгі және күзгі әскерге шақыру мерзімінде 12 азамат Отан алдындағы міндетін өтеуден бас тартқан. Бірі мұның себебін жұмыс орнын жоғалтып алудан қорқатындығымен түсіндірсе, бірі несиесі бар екенін айтып ақталған.

5. Балқаштық кәсіпкер нашар отбасында тәрбиеленген 18 жастағы тұрғынға киі кешек алып берді. Артур Туровский үшін бүгінгі күн ерекше болмақ.

6. Қаламызда тағы бір субұрқақ пайда болды. Мәдениет сарайының артында мысшы шаһардың символын суреттейтін фонтанды орнату жұмыстары басталды. Көріп тұрғандарыңыздай, мұнда ішіне қайнаған мыс құйылатын шөміш орнатылған.

7. Жұмыссыз жүрген балқаштықтар мемлекеттік бағдарлама бойынша аспазшы мамандығын меңгеруде. Қапзіргі таңда Балқаш Сервис колледжінде 50 адам түрлі тағамдарды пісіріп үйреніп жүр.

8. Балқаш Сервис колледжіндегі болашақ шаштаразшылар тұрғындар шашын тегін қиып беруге әзір. Сондай-ақ шаш үлгісін жасап, бетті де әрлеп береді.

9. Балқашта білім беру мекемелері мен спорт мектептерінің арасында валейболдан өткен қалалық турнир аяқталды. Оқытушылар мен бапкерлерден құралған 12 команда үздіктердің анықтау үшін 3 күн бойы бақ сынасты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture