Балқаштық құтқарушылар кәсіби мерекелерін атап өтті

Бүгін   отандық  төтенше  жағдайлар  комитетінің  құрылғанына 22 жыл. Төл мереке күні Нұр  Отан партия  ғимаратында    ең қауіпті  әрі жауапты  қызмет саласының  мамандарына  құрмет көрсетілді. Құтқарушылар қауымына  алғыстар  жолданды.

Ізгі-тілекпен басталған мерекелік жиын  марапаттаумен жалғасты.  Ең  бірінші төтенше  жағдайлар  басқармасының  басшысы   әртүрлі  саланың 8 маманына  алғысын білдірді. Одан кейін  от пен  судың  арасында адамдарды құтқарып  жүрген  6 қызметкерге   қала әкімінің  құттықтауы  жеткізілді.  Ал Ішкі Істер Министрлігінің   ерекше  құрметін  4  маман  иеленді.  Оның ішінде адал еңбегі үшін    үш  құтқарушы  «Мінсіз  қызмет»   төс белгісімен марапатталса,  бір   қызметкерге   алғыс хат табыс етілді.  Сондай-ақ  «мен өрт  сөндіруші болсам» деген тақырып аясында  үздік сурет салған  6 оқушыға   сыйлықтар үлестірілді.

Қанат  Кәдірбеков- №45 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушы

« Менің жұмыс  істегінме 16  жыл уақыт болды. Оның ішінде  қиындықтарда  болды. Таңдағаныма өкінбеймін. Бір айдың ішінде пенсияға шығамын. Екінші  дәрежелі медаль  алғаным  осы  16 жылдық қызмет  үшін алдым.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture