Қала сыртында жол ережесін бұзған 100 жүргізушіге айыппұл салынды

Жүгенсіз  жүргізушілер  жауапқа  тартылуда.  10 күннің ішінде    жол  ережесін  бұзған  жүзден аса  көлік иелеріне айыппұл салынды.Қазіргі  күні  полиция  қызметкерлі  қаладан өзге тас  жолдағы   барлық  тұлпарларды тексеріп  жатыр. Өйткені, биыл жол көлік  оқиғалары  жиілеп кетті. Мәселен, Балқаштың  өзінде жыл басынан бері  30 көлік апаты тіркеліп, 35  жолаушы   зардап шекті. 2  адам  көз жұмды. Рөлде отырғандардың көбісі    қауіпсіздік  белдігін  тақпай,  ұялы  телефонмен сөйлесіп,  қарсы жолаққа шығуды әдетке  айналдырған.

Алмас Қалиашев – жергілікті   полиция  қызметінің аға инспекторы

 «Бұл рейд  жұмыстары 10 күннен бері  жүргізіліп келеді.Барлық   көліктер тексеріліп жатыр.Жол ережесін бұзған  қоғамдық  көліктер де  бар.  Ішімдік  ішкендерде кездесті».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать