Балқашта «Қыс-2018» оқу-жаттығуы өтті

Балқаштық құтқарушылар көлге батып бара жатқан адамды аман алып қалды. Бүгін осындай сценарий бойынша  ТЖ қызметкерлері қыс-2018 оқу-жаттығуын өткізді.

Полицейлер, құтқарушылар, байланысшылар мен медиктер. Шұғыл көмек көрсететін қызметтер техникаларын өздерімен бірге ала келген. Олардың төтенше жағдайларға дайындығын қала әкімінің орынбасары Айдын Қапашев тексерді.

Бүгін судан құтақрушылар көлге батқан адамға көмек көрсетті. Сценарий бойынша мұз жарылып, балықшы су астына кетеді. Оны алып шығу үшін мамандар сүңгуіршіге су өтпейтін және жылуды ұстап тұратын арнайы киім кигізуде. Бірнеше минуттан кейін зардап шегуші жағаға шығарылды. Бірден алғашқы көмек көрсетіліп, медиктерге табысталды.

Дархан Қуанбаев – судан құтқару бөлімшесінің басшысы

«Бізге қосалқы көмек жасайтын мекемелердің техникаларын және қызметкерлерінің біліктілігін және дайындығын тексеру үшін бүгінгі күні оқу жаттығу жүргізілді.

 

Қар тазалайтын техника, адам тасымалдауға арналған арнайы транспорт және өрт сөндіру көліктері. Судағы адам құтқарылғаннан кейін осы қосалқы қызметтердің дайындығы пысықталды. Себебі бұл мамандар 24 сағат бойы жолда жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсетуге әзір болулары қажет. Ең бірінші кезекте техника бұзылмай, оқиға орнына тез жетуі тиіс.

Бауыржан Хабдуллин – Қалалық ТЖБ басшысы

«Бүгінгі оқу-жаттығу қорытындысы төтенше жағдай қызметкерлерінің дайындығын көрсетті. Техника да сақадай-сай. Қыста болатын төтенше оқиға кезінде көмек көрсетуге дайынбыз.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать