Кім жылдам? Бүгін оқушылар өрт сөндірушілердің рөліне енді. Олар құтқарушылардың құрал-жабдығымен 100 метрге жүгіріп, баспалдақпен жоғары көтерілу арқылы 4 метр биіктікке өрмелеуден жарысты. Қызыл жалынмен де күресті.
Руслан Төлеуғазым жарыстың бірінші кезеңіне дайындалуда. Ол оқитын 9 мектеп бұл жарыстың екі дүркін чемпионы. Бұл атаққа биылда қол жеткізу үшін Руслан барын салмақ. Алайда, ол 100 метр қашықтықты 21 секундтта жүгіріп өтті. Бұл басқа қатысушылардың нәтижесімен салыстырғанда орташа көрсеткіш.
Руслан Төлеуғазым-№9 мектеп оқушысы
«Екі апта бойы осы жерде жүрдік, дайындалып, жүгіріп. Өзім дайындықта 16-17 сек бітірдім. Мына жерде көрсеткішім 21 сек болып тұр. Осындай көрсеткіш көрсетуімен қобалжуым себеп болды.
Бұл сайыста №17 мектеп үздік атанды. Олардың нәтижесі 16 сек. Ал ең төменгі көрсеткіш 100 метрді 37 сек бағындырған 25 мектепке тиесілі.
Жарыстың екінші кезеңінде қатысушылар баспалдақпен нысанның екінші қабатына дейін өрелеп, 4 метр биіктіккті бағындыруы тиіс болды. Кім тапсырманы жылдам орындайды, сол өз мектебіне жеңіс әкеледі. Бұл сайыста №7 мектеп гимназия оқушысы жоғары көтерілуге бар болғаны 8 сек уақыт жұмсап, басқалардан озып шықты.
Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөілімінің басшысы
«Бұл кезең өте қауіпті. Деседе, бұған дейін оқушылар құлап, жарақат алған емес. Балалар құлап қалмас үшін жоғары қабатта және төменде біздің қызметкерлер қарап тұрады.
Соңғы кезеңде оқушылар құтқарушылардың құрал-жабдығымен қызыл жалынды сөндіруге кірісті. Сайыс соңында үш кезеңнің нәтижесі бойынша, жарыстың қорытындысы шығарылды. Оған сәйкес биылғы чемпиондық атақты №17 мектеп жеңіп алды. Ал екінші орын 7 гиманзияға бұйырса, Шашубай кентінің оқушылары жүлделі үшінші орынға қол жеткізді.
Видео СІЛТЕМЕДЕ
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login