Балқаштық сәнқой оқушыларды байқауға қатысуға шақырады

Егер әдемі әрі стильді киінгенді ұнатсаңыз, конкурсқа қатысып бағыңызды сынап көріңіз. Қалалық мәдениет бөлімі сәнқойлар арасында байқау жариялады. Оған 8-15 жас аралығындағы балқаштықтар қатыса алады. Конкурс осы қазан айының соңында өтеді. Қазір мәдениет сарайында қатысушылардан өтініш қабылдау жүргізілуде. Ал сайыста сәнқойлар өз өздерін таныстырып, образдарын ауыстыру арқылы шағын спектакль қоюлары тиіс. Өнерлерін көрсетіп, қолдан тігілген костюмдер сайысында ерекше киіммен көзге  түсуге тырысу қажет. Образы өзгеше, ең стильді қатысушылар жеңімпаз атанды. Оларға ұйымдастырушылардың дайындаған сыйы бар.

Ирина Чевтаева-ұйымдастырушы

«Қазір жастар әдемі киінгенді, стильді болып жүргенді ұнатады. Міне осындай жас балқаштықтар арасында байқау ұйымдастыруды жөн деп шештік. Қатысқысы келетін жандарды мәдениет сарайындағы 20 кабинетте күтеміз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать