Балқаш тас жолында камаз өртке оранды

Күлге айналған қағаз! Алматы-Екатеринбург тас жолында дәретхана қағаздарына толы камаз өртке оранды. 4 тонналы жүктің тең жартысы әпсәтте жанып кетті.Абырой болғанда, көлік иесі аман қалды. Ал тілсіз жау түнде болды. Қағазға толы жүк көлігі Қарағандыдан Алматыға бағыт алған.Балқаш бекетінен өтіп бара жатқанда прицепінен түтін шыққан.Оны көрген куәгерлер жүргізуішіге белгі беріп, өрт сөндірушілерге қоңырау шалған. Лапылдап жанған қағазды 2 техника мен 6 құтқарушы бір сағаттың ішінде толық ауыздықтады.

Исламбек Кәрібеков – ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің аға инженері «Автокөлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ.Материал Балқаш қаласының ІІБ жіберілді.Алғашқы болжам бойынша өрт қысқа тоқтың тұйықталунан орын алған.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture