Қалалық дәрігерлердің еңбегі еленді. Қала күнінде 18 медицина қызметкеріне 18 жаңа пәтердің кілті табыс етілді. Енді жауапты қызметтің тұтқасын ұстаған олар қызметтік баспанада емін-еркін тұра алады. Ал көшіп кетіп жатса, орнына басқа мамандар қоныс аударады.
Бұл күні басың ауырып, балтырын сызғанда көмек беретін дәрігерлер бір марқайды. Ұлт саулығы үшін еңбек етіп жүргендер облыс әкімі Ерлан Қошановтың қолынан жаңа пәтер кілттеріне ие болды. Мұхамеджанов мөлтек ауданындағы 20/А көп қабатты үйге 18 дәрігер көшіп келді. Олардың арасында 10 жалпы тәжірибе маманы, 2 педиатр, хирург, кардиолог, терапевт, травматолог бар.

Қаладағы кадр тапшылығына байланысты білікті қызметкерлер әр өңірден шақыртылды.Солардың бірі Дилноз Мирхайдарова.Шымкенттен келген 27 жастағы келіншек отбасымен бірге дәрігер. Өзі жалпы тәжірибе маманы болса, жолдасы фельдшер. Екі баланың ата-анасы.
Дилноза Мирхайдарова – жалпы тәжірибелік дәрігер
«Мен Шымкент қаласынан келдім.ҚожаАхмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік медициналық Университетінің жалпы тәжірибелік дәрігер мамандығын бітіргем.ОСы балқаш қаласында алғашқы жұмысымды бастадым.Қуаныштымын.Осындай мүмкіндік бергеніне.4 бөлмелі пәтерлі болдық».
Отбасы барлар көп бөлмелі пәтерге, тұрмыс құрмағандар бір бөлмелі баспанаға қоныс аударды. Дей тұрғанымен барлық жанұяға теледидар, кір жуғыш машина, тоңазытқыш және ас бөлменің жиһазы үлестірілді. Ал Балқашқа келген 18 дәрігер орталық аурухана мен емхана бөлімшелеріне жұмысқа орналасты.
Серікбол Түсүпбеков –№1 емхана бөлімшесінің директоры
« Бұл пәтерлер қызметтік. Балқаш қаласында қанша уақыт жұмыс істейді.Сонша уақыт тұрады.Бірақ бұл пәтерлер жекешелендіруге берілмейді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login