Балқаш қалалық мешітінде азан айтудан жарыс өтті

Балқаш қалалық мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ерекше шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі – Азан айту жарысы.

Жамағатты намазға шақыруды білдіретін сайысқа 8 тұрғын қатысты. Әрқайсысы 5-10 минуттан діни амалды жасап, білгендерін ортаға салды. Оларды мешіт имамдары даусының зор болуына, азан дұғасын жатқа біліп, сауатты айтуына назар сала отырып бағаларын берді. Үздік деген атаққа Азамат Абдукаримов ие болды.

Ахмадолла Уәлиев-Балқаш қалалық мешіттің наиб-имамы
«Араб тілінің әріптері нәзік болғандықтан біз азанның һаракаттарын ,әріптердің шығуы мағраждарын, әуеннің шығуына қарап шықтық. Араб тілімен қазақ тілі сәйкес келмейді. Олрадың әріптерінде біздің көп кемшіліктеріміз әріптердің дұрыс шығуы. Сөзбен-сөздердің қосылуы кемшіліктері болды». 

Кейін Құрбан айт мерекесі мешіт алаңында өрбіді. Ұлттық нақыштағы ойындар ойнатылды. Солардың бірі еркін күрес. Оған 20 балуан қатысып, боз кілемде күш сынасты. Бірақта, кім мықты болғанына қарамастан барлығы техникалық заттармен марапатталды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture