Балқашта екі қолын үсік шалған зейнеткердің туыстары іздестірілуде

Балқашта үш адамды үсік шалды. Оның біреуі нақты жасын, тұрғылықты жерін де білмейді. Қазір туысқандары іздестірілуде.

87 жастағы Александра Гостьеваның ауруханада жатқанына бүгін 4 күн. Дәрігерлердің айтуынша кейуана  қатты аязда далада қалып, екі қолын үсіріп алған. Ал қарттың өзі мұндай жағдайға қалай тап болғанын ұмытып қалған. Тіпті қайда тұратынын да білмейді. Ауруханаға түскенде өзімен бірге құжаттары  болмаған. Қазір заңгерлер науқастың туыстарын іздестіруде.

Александра Гостьева – науқас

«Мені бір көлік жүргізушісі ағаштың түбінен тауып алып, аурухана әкелді. Қызым бар. Ол Тольятида тұру керек. Есімде басқа ешнәрсе жоқ».

Ал 78 жастағы Амангелді Қазыбековүйіне кіре алмай далада екі сағат жүрген. Содан бір аяғының бақайлары үсіп кетіпті. Тағы бір 48 жастағы ер адам мас күйінде аязда жүріп үсіп қалғанын сезбей қалған. Ол аз болғандай пешке жылынбақ болғанда, арқасын күйдірген. Ал мамандар мұндай жағдайға ұрынбас үшін бірнеше ережені ұстауға кеңес береді.

Мақсат Нұртазин – травматология бөлімінің меңгерушісі

«Күн аязда дымқыл киіммен шықпаңыздар. Алкогольді ішімдікті шамадан тыс қолданбаңыздар. Егер қол аяғыңызды үсік шалған болса, ыстық суға жууға немесе ыстыққа басуға болмайды. Оның орнына крем жағып, массаж жасаған дұрыс»

Жалпы қыс басталғалы бері Балқашта  6 адамды қатты аязда үсік шалған. Деседе алдағы күндері ауа райы жылы болмақ. Алайда қатты суық болмасада да үсіп қалуға болады. Сол себепті жылы киініп, дұрыс тамақтануды ұмытпаңыздар.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login