Айыппұлды төлемеген 3 балқаштық 5 күнге қамалды

Балқашта «Борышкер» атты шара аяқталды. Нәтижесінде, жол ережесін бұзып, айыппұл төлеуден қашып жүрген жүргізушілер жаппай жазаланды. Атап айтқанда, 3 көлік иесі 5 күнге уақытша ұстау изоляторына қамалды. 8 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ескі айыппұлдың үстіне тағы да 12 мың теңгеден айыппұл салынды. Ал тіпті 20 балқаштықтың 271 мың теңгеден аса қарызы ай сайын жалақыдан ұсталынатын болды. Оған қоса, дүние мүліктері тәркіленгендер 2 сағаттың ішінде берешектерін өтеді. Жалпы, 5 күндік акция аясында ескертуді ескерген жүргізушілер 5 млн.теңгеден аса салынған айыппұлдарын өтеді. Басқада берешек жүргізушілердің құжаттары сотқа жіберілді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать