Жаңа жыл түні балқаштық өрт сөндіршілер үшін тыныш өтті. Алайда 1 қаңтар күні шақыртуға баруға тура келді. Таңғы 9-30 Бөкейханов көшесінде пәтер өртенді. Қызыл жалын дәлізден шыққан. Киімдер мен жиһаз және еден жанған. Жалынның аумағы 15 шаршы метр. Өрт сөндірушілерді түтіннің исінен оянған үй иелері шақырған. Өздері 5 қабаттан балкон арқылы 4 қабатқа түсіп, жан сақтапты.Құтқарушылар жетісімен жоғарғы қабатта тұратын 6 адамды оның ішінде 2 баланы қауіпсіз жерге шығарған. Ал өрттің шығуына қысқа тоқтың тұйықталуы себеп болған.
Олег Грабовский-ТЖК мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Біз келгенде үйде ешкім болмады. Пәтер иелері түтіннің исінен қорқып, балкон арқылы көршілерінің үйіне кірген. Отты 20 минутта сөндірдік. Ешкім зардап шекпеді.
Одан бөлек 3 қаңтар күні яғни бүгін көлік өртенді. Таңғы 7 ге қарай автоұрақта тұрған делика автомобилі толықтай жанып кетті. Қызыл жалын шарпып металмен қоршалып жасалған 3 гаражды отқа ораған. Жалынның аумағы 80 шаршы метр.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login