Балқашта жаңа жылда 6 сәби дүниеге келді

Балқашта жаңа жылда 6 сәби дүниеге келді. Мереке күндері өмір есігін ашқан нәрестелердің көбісі қыздар. Жаңа жыл түнінде 1 сәби туылған. Бір қызығы 1 және 2 қаңтар күндіз ешбір әйел босанбапты. Ал 3 күні яғни бүгін 4 бала өмірге келді. Ақмарал Аққошқарова жаңа жыл түнінде босанған жылғыз әйел. Бір ұл, бі қыздың анасы 31 нен 1 не қараған түні үшінші сәбиін дүниеге әкелді. 26 жастағы келіншек  00:50 кеткенде қызды болған. Салмағы 3келі 300 грамм. Бойы 52см. Ананың да баланың да денсаулығы бірқалыпты.

СНХ:Ақмара Аққошқарова-жас ана

31деп ойлағанбыз. 28 узи деп бергенімен, 31 күні ауырдым. 31 күні туатын шығар деп ойлағанмын. Бірақ 1 түнде босандым.  Көзайым деп қойдық есімін. Есімін нағажы әжесі қойды.

1 қаңтар күні күндіз ешбір әйел босанбаған. Тек түнде 01:25 кеткенде тағы  тағы бір бұрымды  дүниеге келіпті. Екінші қаңтардың күні де  перзентханада тыныш өткен. Ал бүгін түннен бастап таңғы 11 ге дейін 4 сәби өмір есігін ашқан. Олардың екеуі қыз, екеуі ұл. Осылайша жаңа жылдың алғашқы 3  күнінде Балқашта 6 сәби туылды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login