Балқаштық ветеринарлар төр түлік малға түйінді дерматитке қарсы екпе егуде. Жұқпалы ауруды болдырмас үшін 1500 ден аса ірі қараға вакцина салынады. Бүгінгі күнге дейін мамандар Қоңырат, Техснаб және Бектауата аймағындағы үй жануарларын қамтыған. Ал апта соңына дейін Балқаш бекеті мен жұмысшы ауданы және 90 орамдағы ірі қараға тері аруруына қарсы екпе салмақ. Түйінді дерматит алғаш рет 2016 жылы батыс Қазақстанда тіркелген. Бұл дерт Қарағанды облысы арқылы шығысқа және солтүстікке таралмас үшін қазір төрт түлікті жоспардан тыс иммундау шарасы жүргізілуде. Ол үшін республикалық қордан 1500 доза вакцина бөлінген.
Самат Молдабеков – қалалық ветеринария бөлімінің жетекшісі
« Дермотит деген ауру экзотический түрге жатады. Себебі Африкада осы 20 ғасырдың 20 жылдары пайда болған. Қазақстанда Атырау облысында тіркелген бұл ауру. Былай айтқанда шекаралас Ресей федерациясының облыстарында тіркеліп отыр. Сона, маса, шыбын сондайлар тасымалдайды. Ауру малдардан жұғады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login