Балқаш жаңалықтары 31.10.2018

1. Қаладағы ЖЭС парөткізгіш жарылып 1 адам күйіп қалды. Қазір ол орталық ауруханада, травматология бөлімінде ем қабылдауда. Алдын ала болжам бойынша парөткізгіш тесіліп, соның салдарынан жарылыс болған. Апат кезінде оқиға орнында 2 жұмысшы зардап шекті.

2. Өз-өзін өртеп жіберген ер адам тікұшақпен Қарағандыға жеткізілді. Оның денесінің 60 пайызын күйік шалған болатын. Жағдайы түзелмегеннен кейін жергілікті дәрігерлер облыстық мамандардың көмегіне жүгінді.

3. Қаладағы жедел-жәрдем көліктері түсін сарыға өзгертті. Денсаулық сақтау министірінің бұйрығы бойынша автомобильдер жаңа кейіпке енді. Жаңа стандарт өткен жылы бекітілген болатын. Сол бойынша жедел жәрдем қызметінің барлық көлігі лимон түске боялып, жарық шағылыстыратын қызғылт элементтер  жапсырылады.

4. Балқаштық ветеринарлар төрт түлік малға  түйінді дерматитке қарсы екпе егуде. Жұқпалы ауруды болдырмас үшін 1500 ден аса ірі қараға вакцина салынады. Бүгінгі күнге дейін мамандар Қоңырат, Техснаб және Бектауата аймағындағы үй жануарларын қамтыған.

5. Қалалық ІІБ жұмысқа тұруға мүмкіндік туды. Қазір жол-патруль полиция ротасына 14 тәртіп сақшысы қажет. Сонымен бірге жол техникалық инспекция тобында инспектордың орны бос.

6. Келесі жылы елімізде полиция қызметкерлерінің  саны 10 пайызға қысқарады. Қазір елімізде 76 мың тәртіп сақшысы болса, қысқартудан кейін 56 мың полиция қызметкері қалады. Осының есебінен өзгелердің  жалақысын көтеріп, оларды баспанамен қамту мәселесі қолға алынбақ.

7. Балқаштық оқушы қыз Бразилияда өткен сайыста бірінші орын алды. Аяжан Әбдікаримова биология пәнінен өткен халықаралық олимпиадаға қатысып, өз жобасын сәтті қорғап шықты. Енді ол Қазақстанның кез-келген ЖОО грантқа түсе алады.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать