Балқаш жаңалықтары 11.10.2018

1) Биыл Балқашта 78 адам онкологиялық ауруға шалдыққан. Әсіресе тері рагы өршіп тұр. Мұны дәрігерлер экологияның нашарлауымен байланыстырып отыр.

2) Ертең балқаштықтарға ыстық су мен жылу берілетін болды. Ауа температурасы мен климаттық орташа сипаты шамамен +8 градусты көрсетуде. Сол себептен өңірде 12қазан күні жылыту маусымы басталады.

3) Мәдениет сарайының артында екі үлкен лэд экран пайда болады. Оны орнату үшін Алматыдан арнайы мамандар шақырылды. Бүгін монтаждаушылар фундамент құю жұмыстарына кірісті.

4) Қоңырат мөлтек ауданында қайтадан қалпына келтіріліп жатқан 2 үй 80 пайызға дайын. Тұрғындар жазда ыстық судан қол үзбес үшін ондағы пәтерлердің әрқайсысына бойлер орнатылған.

5) Балқашта алғаш рет жастар балы өтпек. Бұрын-соңды болмаған мұндай шараға қазір өтініштерді қабылдау басталды. Ал би кешіне 14 пен 29 жас аралығындағы қала тұрғындары қатыса алады.

6) Қазақ күресінен балқаштық спортшы Қазақстан чемпионатына баратын болды. Жерлесіміз Ағадыр кентінде өткен облыстық чемпионатта жеңіске жетті. Және одан өзге тағы 8 жүлдені балқаштықтар қоржынға салды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать