Заңсыз балық аулаушылар ұсталды.Шаһардың 6 тұрғыны құжатсыз нәпақа тауып жүрген жерлерінде құрықталып,14500 теңгеден айыппұл төледі. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтар Шұбартүбек пен Тораңғалық кенті маңында қолға түсті.Онда 6 тұрғын арнайы рұқсат құжатты алмай, қармаққа сазан аулағаны анықталды.Сондықтан әрқайсысына 6 айлық есептік көрсеткішпен 14500 теңгеден айыппұл салынды.Сонымен қатар, тексеріс барысында ережеге бағынбаған 3 аңшы ұсталды.Бірақ, жолдама хатта жабайы құстың санын көрсетпегендіктен оларға тек ескерту айтылды.
Леонид Тян- Желілік полиция бөлімшесінің жедел уәкілі
«Бұл қыркүйек айында жасалған тексеріс жұмыстарының нәтижесі. Заң бұзушылық Шұбартөбек, Тораңғалық кенттерінде ұсталды. Қазір рейд Приозерск қаласында жүргізілуде».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login