Ленин көшесіндегі жөндеу жұмыстары қыркүйекте аяқталуға тиіс. Бұл туралы қала әкімі брифингте айтты. Ленин көшесіндегі құрылысты шаһар басшылығы күн сайын қадағалап отыр. Бүгінде өзгертілген жобаға тиісті қолдар қойылып, жұмыс қайта басталды. Құрылысшылар алынбай қалған есік асфальтты қырып, жолдарды дайындап жатыр.
Жалпы астаналық мердігер компания Ленин көшесіндегі жол қабатының 36 см ауыстырады. Оның 20 сантиметрі ұсақталған тас болса, астыңғы бөлігі ірі құмнан тұратын болады. Ал қалғаны 16 см-не асфальт төселеді. Оның өзі екі бөліктен құралмақ. Оған қоса, көше бойында жаңбырдан кейін жиналып қалатын жолдың кейбір бөліктеріне суды ағызып жіберетін арықтар орнатылады. Ағаш-талдарды суару жүйесі іске қосалады деп жоспалануда.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login