Балқаштық кикбоксшылар Қазақстан чемпионатынан жүлдемен оралды. Спортшыларымыз 1 алтын, 1 күміс, 1 қола олжалады. Жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы сайыс Шымкент қаласында өтті. Онда Балқаш намысын қорғауға 8 бала барған. Нәтижесінде бірі чемпион екеуі жүлдегер атанды. Алтын олжалаған спортшы Шашубай кентінің оқушысы Гаухар Сайлаубек. 12 жаста. 33 келі салмақта 3 жекпе жек өткізген. Ақтық сында СҚО келген кикбоксшыны 3-2 есебімен ұтқан.
СНХ: Гаухар Сайлаубек-кикбкостан Қазақстан чемпионы
« Қатысқаныма 1 жыл болды. Осы қатысқаныма 1 жыл болды. Қалалық, облысқа қатысып бәрінен бірінші орын алдым. Ең соңғы жарысым Қазақстан чемпионаты. Содан кубок алдым. Бірінші орын алдым.
Шашубай кентінің тағы бір өжет қызы Алуа Шаншарбаева 44 келіде қола жүлдегер атанды. Ол алғашқы қарсыласын жеңгенімен, екінші кездесуінде ШҚО спортшысыға есе жіберді.
СНХ:Алуа Шаншарбаева- кикбокстан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері
Мен облыстан бірінші орын алдым. Бұл жарысқа бір жыл бойы дайындалып, қаншама тер төкітм. Соның арқасында еңіске жетіп отырмын.
Күміс медаль Әділ Мұратбаевта. 13 жастағы Әділ 75+ келіде бағын сынады. Алғашқы жекпе-жегінде семейлікті 2 раунтда құлатып салып, өз күшін дәлдеген. Алайда, финалда жолы болмады. Байқоңырдан келген спортшыдан ұталды.
СНХ:Әділ Мұратов-кикбокстан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері
Ең бірінші Чемпионатым. Ең мықты қарсыласым Байқоңырдан болды. Оны республикалық турнирде жеңгенмін. Ал осы чемпионатта жеңіліп қалдым. Аяқпен жақсы жұмыс істеді. Аяғы мықты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login