Балқашта мұғалімдер арасында волейболдан турнир басталды

Балқашта мұғалімдер арасында волейболдан турнир басталды. Биыл 2 ші жыл ұйымдастырылып отырған жарысқа 15 команда қатысуда. Ал жүлде қоры 300 мың теңге. Құрамалар А және Б топтарына бөлініп ойнауда. Бүгін оқушылар сарайында алғашқы ойын №17 мен 5 мектеп арасында өтті. Алғашқы партия 25:10 есебімен №17 оқу ордасының пайдасына шешілді. Екінші кезеңде 5 мектеп оқытушылары қанша тырысқанымен, есепті теңестіре алмады. Нәтижесінде 2:0 есебімен ұтылды. Турнирге жалпы 15 команда қатысуда. Олар мектеп, колледж ұстаздары мен  БЖСМ және ДСК жаттықтырушылары. Жарыс былтыр волейбол ассоциациясының ұйымдастыруымен алғаш рет өткізілген болатын. Ол кезде №15 мектеп  жеңіске жеткен еді. Ал биылғы жеңімпаздар ертең анықталады. Жүлделі орынға іліккен командалар ақшалай сыймен марапатталады.

СНХ:Серік Қасымбеков –турнирдің демеушісі

«Биылғы жүлде қоры 300 мың. Бірінші орынға 100, екінші орын 70,  үшінші оры 50мың. Үздік ойыншыларда марапатталады. Әртүрлі сый мен сыйлықтар береміз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать