Балқашта тауарға толы қойма өртенді

Кеше Амангелді көшесінің бойында  тауарға толы қойма өртенді. Қызыл жалынның жалпы аймағы — 230 шаршы метр. Ал өрт іштен емес сырттан басталған. Тілсіз жау жоғары қрай өршіп, екінші қабаттағы кеңсеге дейін жеткен. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді.

Бұл видеоны  куәгерлер түсірген. Көріп тұрғандарыңыздай екі қабатты нысаннның сол бөлігі отқа оранған. Терезелерден қара түтін будақтап, жалын шарпуда. Осы сәтте өрт сөндірушілер келіп жеткен.

ТЖБ кезекші бөліміне өрт туралы хабарлама түскі 15:00-ден кете түскен. От тұтанған кезде ғимаратта ешкім болмапты. Мұнда жұмыс істейтін қызметкерлердің барлығы түскі асқа кеткен.

Мен  тек жанып жатқанын көрдім. Өзім түскі астан келе жатқанмын .

Мамандардың айтуынша тілсіз жау сырттан басталған. Алдымен ғимараттың алдында үйіліп тұрған ағаштар жанған. Одан шыққан қызыл жалын нысанның сыртын қаптауға қолданған алюкабонд материалын өртке орап, екінші қабатқа шарпыған. Нәтижесінде жоғарыдағы кеңсе бөлмесі өртеніп, ондағы жиһаздар түгел жанып кетті. Ал бірінші қабаттағы тауарға еш зиян келмеген.

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы

«Бұл жерде нысанда өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Алюкабонд материалы тез тұтанатын қаптама. Жақсы жанатындықтан өрттің тез таралуына себепші болды. Оның үстіне сыртқа үйіп қойған  ағаштар ғимаратқа тым жақын орналасқан. 

Алайда, құтқарушылар өрт қауіпсіздігін сақтамаған мекемені жауапқа тарта алмайды. Себебі заң бойынша көлемі 1500 шаршы метрден аспайтын қоймалар  тексерілмейді екен. Ал өрттің шығуына белгісіз біреулердің темекі тұқылын  не болмаса шырпыны сөндірмей тастап кетуі себеп болған. Енді оларды анықтап, жауапқа тарту үшін бұл іске тәртіп сақшылары араласады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать