Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қаладағы ерекше қамқорлыққа ие балалар үшін мерекелік кеш ұйымдастырылды. Наурызға тарту ретінде әлеуметтік бөлімнің мамандары дастархан жайып, көне дәстүрді жаңғыртты. Наурызға арналған бас қосуға есепте тұрған 70 шақты бала жиналды. Олар алдымен бір ай бойы дайындаған өнерлерін көрерменге паш етті. Көктемнің жайма шуақ күніне арнаған тақпақтарын , әсем әндерін шырқап, түрлі халықтың билерін биледі. Кейін тәрбиешілердің өнерлерін тамашалады. Ертегі әлемінің кейіпкерлеріне енген мамандар балалар бірге ойын ойнап, кештің сәнін келтірді. Артынан барлығы Қыдыр ата мен Ұмай ананы қарсы алып, тәтті сыйлықтардан ауыз тиді.
Арина Амирова- қала тұрғыны
«Біз наурызға бір ай дайындалдық. Мен қазақ биін билеймін. Ол үшін арнайы көйлекті киіп келдім».
Осындай наурыз мерекесіне арналған тартудан шаһардың өзге де тұрғындары шет қалмады. Аз қамтамасыз етілген мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғыз басты зейнеткерлер мейрамханаға арнайы шақырту алды. Онда 70 балқаштық тұрғынға мерекелік дастархан жайылды. Әрқайсысына азық-түлік салынған себеттер үлестірілді. Айта кетейік, қайырымдылық шара кәсіпкерлердің қатысуымен ұйымдастырылды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login