Балқаштықтарға 200 бос жұмыс орны ұсынылды

Балқашта бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Онда екі қолға бір күрек іздеп жүрген балқаштықтарға  200 ге жуық жұмыс ұсынылды.  Оның көбісі педагогикалық және техникалық мамандықтар.

27 жастағы Айнұр Хасенова  жәрмеңкеге үлкен үмітпен келді. Мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан еңбек етіп, өз нәпақасын өзі тапқысы келеді. Мамандығы есепші. Бұған дейін 6 ай жастар тәжірибесінен өтіп, біраз тәжірибе жинаған. Бүгін мамандығы бойыша қызмет болмағандықтан, мамандар оған қоғамдық жұмыс ұсынды.

Айнұр Хасенова-қала тұрғыны

 Бары көрейін деп тұрмын. 1 айдай. Мүмкін тұрақты жұмысқа қабылданып қалармын. Кішкене тәжірибе жинасам деймін

Жәрмеңкеде 40 қа жуық мекеме 200 бос жұмыс орнын ұсынды. Оның көбісі педагогикалық мамандықтар. Балқаш мектептері мен колледждеріне әсіресе ағылшын, тарих, математика секілді пән мұғалімдері жетіспейді. Сонымен бірге электромонтер, слесарь, газбендәнекерлеуші секілді техникалық мамандықтар да сұраныста болды.

Ал жәрмеңкеге келушілер іздегенін тапты ма? Оны өздерінен ұрап білдік.

Тұрғындар жауабы:

Мен мамандық бойынша медсестра. Тауып жатырмын, ақырындап.

 Жалақысы жақсы, Үкіметтің жұмысы дұрысы қой. Бар ма іздегеніңіз? Жоқ шықпай жатыр.

 Дворник или техничка бірнәрсеге. Бар ма екен? Ия бар, қазір көремін.

Электрик. Сұрадым, бірақ бұл жерде опыт работы, стажға қарайды. Мен көп жұмыс істеген жоқпын. Содан кейін табылмай тұр.

Шараның қорытынысы бойынша 2 мүмкіндігі шектеулі жан қоғамдық жұмысқа жіберілді. 7 тұрғын тұрақты қызметке қабылданды. 10 балқаштық басқа мамандық бойынша білім алу үшін қысқартылған курсқа жазылды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать